Өлең: Дәуітәлі Стамбекұлы (Үндестік)

Өлең: Дәуітәлі Стамбекұлы (Үндестік)

Ұмтылыс бар,
Жылжу бар,
Жүгіріс бар,
Кедергі бар,
Тосқауыл,
Кідіріс бар.
Ештеңе жоқ дегеннің өзінде де
Айналамыз толған бір құбылыстар.

Өзен,
Ағаш,
Құм,
Шөбің тілдесіп бір,
Жапсырында жартастың гүл де өсіп тұр.
Қиылыспай тұрғанның өзінде де
Айналаның барлығы үндесіп тұр.

Нені біздер қыранға теңгереміз,
Жыланыңды бәрінен кем көреміз.
Шаққанынан біз соның өле жаздап,
Дәрі жасап уымен емделеміз.

Иә, иә араның өмірі – бал,
Жыланның да аспанға көңілі – зар.
Дән сүйреткен кішкентай құмырсқаның
Табиғатта пілдей бір орыны бар.

Ал қасқырдың қойларды жағалауы –
Тәттілігін етінің бағалауы.
Өзі солай жасаған жаратылыс:
Қой болмаса,
Қасқыр да жоғалады.

Қыр да ауыл,
Малшылар,
Ойда да ауыл,
Қасқыр қуып,
Қой қорыған қайда бауыр!
Сен де соны сезіп қой:
Өмірге емес,
Қасқырларың өмірлік қойға зәру.

Білеміз біз,
Бар шығар білместік те,
Араласып бәрімен бірге өстік те,
Сездік бәрін – барлығы адам үшін,
Дәл өзі бір сыйып тұр үндестікке.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
дәуітәлі стамбеков Үндестік өлең стихи на казахском даутали стамбеков казакша олен, дәуітәлі стамбеков өлеңдері, стихи на казахском даутали стамбеков, даутали стамбеков олендери казакша, Үндестік

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]