Өлең: Дәуітәлі Стамбекұлы (Қысқы жол)

Өлең: Дәуітәлі Стамбекұлы (Қысқы жол)

Артқа заулап терек – тал,
Сеуіп аспан, елеп қар.
Ақ шананы оятып,
Ұшады алға жел – аттар.

Қара төмен, жоғары,
Бітер емес жол әлі.
Бұлт ішінде бұлдырап,
Күн де заулап барады.

Қысқы дала сиқырлы,
Қысқы әуен сүйкімді.
Ал, ақ шананы тербетіп
Келтіреді ұйқыңды.

Аппақ әуен, жоғалма,
Ашық күнде, боранда.
Ақ шаналар, дауылдап,
Заула, заула тек алға.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
дәуітәлі стамбеков Қысқы жол өлең стихи на казахском даутали стамбеков казакша олен, дәуітәлі стамбеков өлеңдері, стихи на казахском даутали стамбеков, даутали стамбеков олендери казакша, Қысқы жол

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]