Өлең: Дәуітәлі Стамбекұлы (Жалғыз шынар)

Өлең: Дәуітәлі Стамбекұлы (Жалғыз шынар)

Ширатты болмыс жасынан,
Дауыл мен желдің астында.
Оқ жетпес шыңның басынан
Қарайды долы тасқынға.

Үстінде бұлттар жөңкіліп,
Найзағай оты ойнайды,
Кеудесін намыс толтырып,
Ызадан қаны қайнайды.

Дәл мұндай төзім жоқ шығар
Жалғыздықпенен тыныстап.
Қайсар боп өсті жас шынар,
Тәкаппар басын тік ұстап.

Әдемі,
Мықта бәрінен,
Және де жалғыз болғасын,
Тағдыры оның тәніне
Түсірді өшпес таңбасын.
Айналып жырға,
Дастанға,
Ерліктің мәнін ұқтырып,
Құласа да ажал аспаннан
Өледі шынар тік тұрып.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
дәуітәлі стамбеков Жалғыз шынар өлең стихи на казахском даутали стамбеков казакша олен, дәуітәлі стамбеков өлеңдері, стихи на казахском даутали стамбеков, даутали стамбеков олендери казакша, Жалғыз шынар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]