Қазақша өлең: Ақтау қаласы
Мен қалайша өзіңмен мақтанбаймын?!
Ақтау!
Ақтау!
Ақ құба, ақ маңдайлым!
Көгімнен нұр жауғанда Жүрегіме,
Көңілден кір – кетеді, бастан қайғым!!!
Кереметтің өтейін – жырлап бәрін,
Ақтау!
Ақтау!
Тым ыстық, нұрлы ақ таңың!
Келем десең – ағайын, Ақтауға кел,
Көрем десең – қызарып Күн батқанын!
Кесірлерден сақтаған Халықты аман,
Ақтау!
Ақтау!
Азулы – алып қалам!
Астарында бітпейтін байлық жатыр,
Аспанында шағала қалықтаған!
Құламаған өмірде құздан бағы,
Ақтау!
Ақтау!
Талайдың ізгі арманы!
Қыздарының - бойына қылық тұнып,
Ұлдарының - керісінше қызған қаны!
Аямайды Ұлдары алысқанды,
Ақтау!
Ақтау!
Өсірген арыстарды!
Айдынында сан түрлі кеме жүзіп,
Жақындатқан жанына алыстарды!
Ғажабына жетпейді баға сірә,
Ақтау!
Ақтау!
Маңғыстау даласын(д)а!
Ақпандағы «Аққуды» көруге кел,
Ақтаудағы теңіздің жағасына!
Бақ сыйлаған басына талайлардың,
Ақтау!
Ақтау!
Күн күліп арайландың!
Бас қаласы өлкенің – осы қала,
Астанасы аруақты Адайлардың!
Жүректерге тұратын толтырып ән,
Ақтау!
Ақтау!
Әуелден – Халқы қыран!
Дара тұрған жағада – АҚТАУға кел,
Жаратылған – Каспийдің толқынынан!!!
Ақтау!
Ақтау!
Ақ құба, ақ маңдайлым!
Көгімнен нұр жауғанда Жүрегіме,
Көңілден кір – кетеді, бастан қайғым!!!
Кереметтің өтейін – жырлап бәрін,
Ақтау!
Ақтау!
Тым ыстық, нұрлы ақ таңың!
Келем десең – ағайын, Ақтауға кел,
Көрем десең – қызарып Күн батқанын!
Кесірлерден сақтаған Халықты аман,
Ақтау!
Ақтау!
Азулы – алып қалам!
Астарында бітпейтін байлық жатыр,
Аспанында шағала қалықтаған!
Құламаған өмірде құздан бағы,
Ақтау!
Ақтау!
Талайдың ізгі арманы!
Қыздарының - бойына қылық тұнып,
Ұлдарының - керісінше қызған қаны!
Аямайды Ұлдары алысқанды,
Ақтау!
Ақтау!
Өсірген арыстарды!
Айдынында сан түрлі кеме жүзіп,
Жақындатқан жанына алыстарды!
Ғажабына жетпейді баға сірә,
Ақтау!
Ақтау!
Маңғыстау даласын(д)а!
Ақпандағы «Аққуды» көруге кел,
Ақтаудағы теңіздің жағасына!
Бақ сыйлаған басына талайлардың,
Ақтау!
Ақтау!
Күн күліп арайландың!
Бас қаласы өлкенің – осы қала,
Астанасы аруақты Адайлардың!
Жүректерге тұратын толтырып ән,
Ақтау!
Ақтау!
Әуелден – Халқы қыран!
Дара тұрған жағада – АҚТАУға кел,
Жаратылған – Каспийдің толқынынан!!!
Ақтауға арнау
Шәр туралы өлең де көп, жыр да көп,
Бірақ, Ақтау, сенің жолың бір басқа.
Әр күн сайын шомыласың нұрға ерек,
Сенен таптым жақсы дос та, сырлас та.
Сенде түнеп, сенде тағы таң асам,
Ару Ақтау, сені қанша өпті алаң?
Көркем біткен көркіңе қарасам,
Құдай соққан жұмақсың ба деп қалам.
Сенен өзге шаһар біткен тас кебін,
Болса-дағы алтын, күміс, қоласы.
Жұрт мақтаған анау жатқан Мәскеуің-
Тек жәй ғана тірілердің моласы.
Самарқанд пен Бұһараны ұлы ақын
Бір сұлудың бір меңіне беріпті.
Ал мен болсам Ақтауымды тұратын
Мың бикешке бере алмаспын көрікті.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: