Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Бір Аллаға сыйынған адам өлмес...)
Бір Аллаға сыйынған адам өлмес,
Құдайсыз қу қолынан іс те келмес.
Белін бекем буғанның белі талмас,
Ел бұзса да, адалдық өзгерілмес.
Адамзат өзін-өзі сынау керек,
Тазалық, әділдікті ұнау керек.
Өлсе де тура жолдан мойын бұрмай,
Ақтан көрген бәлеңе шыдау керек.
Не шыда, не залым бол, бірін таңда,
Әйтеуір ақылын тап, ерте қамда.
Момын бол, не бұзақы, не батыр бол,
Қазақ тыныш қоймайды не қылсаң да.
Адалға орын емес қазақ іші,
Тәтті ғұмыр сүре алмас таза кісі.
Өзін асырар қазақтың өнері жоқ,
Бірін-бірі талайды – бар жұмысы.
Құдайсыз қу қолынан іс те келмес.
Белін бекем буғанның белі талмас,
Ел бұзса да, адалдық өзгерілмес.
Адамзат өзін-өзі сынау керек,
Тазалық, әділдікті ұнау керек.
Өлсе де тура жолдан мойын бұрмай,
Ақтан көрген бәлеңе шыдау керек.
Не шыда, не залым бол, бірін таңда,
Әйтеуір ақылын тап, ерте қамда.
Момын бол, не бұзақы, не батыр бол,
Қазақ тыныш қоймайды не қылсаң да.
Адалға орын емес қазақ іші,
Тәтті ғұмыр сүре алмас таза кісі.
Өзін асырар қазақтың өнері жоқ,
Бірін-бірі талайды – бар жұмысы.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ғылымсыз адам – айуан...)
» Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Көкіректе толған шер көңіл қаяу)
» Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Мен қорқамын қорқамын)
» Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Керек)
» Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Кәрілік шал деген – бір ат қылғандай)
» Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ғылымсыз адам – айуан...)
» Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Көкіректе толған шер көңіл қаяу)
» Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Мен қорқамын қорқамын)
» Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Керек)
» Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Кәрілік шал деген – бір ат қылғандай)
Іздеп көріңіз: