Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ашу мен ынсап)
Бiлгенiмдi жазушы ем‚
Бекем буып белiмдi.
Мiнiн айтып қазушы ем,
Түзетпек боп елiмдi.
Бұлдарлық ой менде жоқ,
Бұған шыққан терiмдi.
Ұқтырарлық пенде жоқ,
Қате басқан жерiмдi.
Күнi-түнi ойланып,
Жазудан да жалықтым.
Газет, кiтап қолға алып,
Оқудан да талықтым.
Ел тiлiме көнбедi,
Жыладым да қамықтым.
Yмiтсiздiк дендедi,
Зорықтым да шалықтым.
Бағасы бiр халқыма
Жабағы мен мамықтың.
Нанбайды, рас, антыма
Кәдiрi мол танықтың.
Айырмайды арасын
Бұлдыр менен анықтың.
Ендi қайда барасың,
Түрi мынау халықтың?
Айла таппай адастым,
Қайғы артылып мойныма.
Ақылымнан шатастым,
Жас төгiлдi қойныма.
Ойландым да сандалдым,
У жайылды бойыма.
Mұңдасуға қамдандым
Қайратым мен Ойыма.
Yмiт үзген қорқақ Ой
Дiрiлдейдi қалшылдап.
«Мүмкiн емес, мұны қой»‚ –
Деп жалынды жалпылдап.
Бiр жағымнан Ерiншек
Тағы келдi салпылдап.
«Болмаймын,– деп,– келiншек»,–
Ашу келдi арсылдап.
«Елдi сөк те жаманда,–
Деп ұрысты Ашуым,–
Жамандықтан аман ба,
Шыннан қалай қашуың?»
Қиын болды баяндап,
Аяқты қалай басуым.
Сабыр келдi аяңдап:
«Жарамас‚ – деп,– сасуың.
Бәрiне де хабар сал,
Рахым, ұят, ар қайда?
Қаруыңды жиып ал,
Құр ашудан не пайда?
Қайратың мен Сақтығың
Көрiне ме маңайда?
Өлше iстiң ақтығын,
Ынсап бар ма оңайда».
Өңкей асау, мас халық,
Бәрiн бойдан қашырған.
Көп наданнан жасқанып,
Сорлың елге бас ұрған.
Рахым, ұят, арының
Бетiн топырақ жасырған.
Қайраты қайтып кәрiнiң,
Қайғысын сүйтiп асырған.
Сабыр айтты: «Мына сөз
Сабырымды қайнатты.
Өңкей ақымақ шелдi көз
Ақты қайтiп жайратты?
Менi ұстауға шыдай көр,
Сүйтiп жұмса Қайратты.
Ынсабыңа хабар бер»‚–
Деп ақылды сайратты.
Қайратымнан қайтқанмын,
Ол жуырда келсiн бе?
Келме деп те айтқанмын,
Дедiм: «Менi менсiнбе!»
Бiреу шықты қабiрден:
«Баяғы сорлым сенсiң бе?
Айрылмасаң Сабырдан,
Мен келмейдi дейсiң бе?
Ұмыттың ба, ескi жар,
Аяқбауым – Сабыр ғой!
Сабырлы ер де менде бар,
Ол екеумiз тамыр ғой.
Қайраттанып шақырсаң,
Қаруларың әзiр ғой.
«Бәрiң кет!» – деп ақырсаң,
Өзiңе қазған қабiр ғой.
Ал ақылдас, бәрi бар,
Дайын қылдым бәрiн де:
Сақтық, Ұят, Рахым, Ар,
Ынсап деген кәрiң де.
Бiз тұрғанда арамның
Дәм бола ма нәрiнде?
Қайғы емес қой наданның
Тығылғаны әр iнге».
Жан кiргендей қозғалдым,
Тұла бойым шымырлап.
Жан-жағыма көз салдым,
Сөйлейiн деп қыбырлап.
Бiреу келдi жаныма,
Құлағыма сыбырлап.
Түртiп қалды саныма:
«Сөйлеме,– деп,– жыбырлап.
Және сөйлеп барасың,
Жай отырсаң нетедi?
Өз мазаңды аласың,
Жан тыныштық кетедi.
Ауыр қайғы, терең ой
Өкпеге зиян етедi.
Тiлiмдi ал да, мұны қой,
Түбiңе осы жетедi».
Жалт қарасам бетiне –
Баяғы құрғыр Ерiншек.
Көзiм түстi етiне –
Бiр уыздай келiншек.
Құры көзбен қарасам,
Қызығады ой тентек.
Ақылмен өлшеп санасам,
Қозады оған ескi кек:
«Әй, Ерiншек, қара жүз,
Не қылмадың сен маған?
Ендi менен күдер үз,
Жақындама бер таман.
Сенiң қылған iсiң ғой
Харекетсiз көп надан.
Рахымы жоқ жәдiгөй,
Қойып едiң кiмдi аман?
Жас күнiмде epiнтiп,
Шала қалдым ғылымнан.
Жау қолында керiлтiп,
Жеңiлдiрдiң зұлымнан.
Өмiр – кесел, ұры, қар,
Не табасың мұныңнан?
Менi өлтiрсе залымдар,
Алушы ма едiң құнымнан?!
Осы көрген көп бейнет
Бәрi сенен емес пе?
Былшылдамай арман кет,
Болмас iске егеспе.
Әлдеқашан ант бердiм
Бал берсең де жемеске.
Рахаттан да жалт бердiм,
Тыныштық бар демеске».
Кеттi Ерiншек өкпелеп,
Қайта келiп қонбасқа.
Өкпеге тағы тепкiлеп,
Тарланды салдым болмасқа.
Кеткенiмен жұмыс жоқ
Қазақ iсi оңбасқа.
Мен сорлыда тыныс жоқ,
Ақылдастым жолдасқа.
Сөйлестi бәрi сыбырлап‚
Мен отырдым тыңдауға.
Жүрегiм тұр жыбырлап,
Дәл тапқанда ымдауға.
Ойлағанын бәрi де
Ортаға салды шыңдауға.
Қалжың емес, әрине,
Керек дестi шындауға.
Кейбiреуi майда айтып,
Елжiреттi, жылатты.
Қайсыбiрi қайғы айтып,
Yмiттiң үйiн құлатты.
Айтып-айтып келдi де,
Бәрi Ынсапқа сынатты.
Ынсап өлшеп көрдi де,
Былайша деп ұнатты:
«Ел саңырау, надан ғой,
Естiле ме құр айғай,
Емделмеген адам ғой,
Ем бола ма құр ойбай.
Құлағы мен көзiн аш,
Оқу оқыт, ғылым жай.
Насихатты сөйтiп шаш,
Соны жүрсiң бiле алмай.
Газетке жаз, кiтап жаз,
Бастыр, оқыт қазаққа.
Мақтағанға болып мәз,
Қала берме мазаққа.
Сусыз егiн не шықсын,
Суғар, шыда азапқа.
Дәмiн алып ел ұқсын,
Сонда ұмтылар тамаққа».
Осы сөздi дұрыс деп
Жүрек соқты, құптады.
Түзу iстi бұрыс деп
Ол жасырып, тықпады.
Айқай салып бақырса,
Ойсыз құлақ ұқпады.
Қанша тұқым шашылса,
Жер жыртылмай шықпады.
Жұқпайды екен айтқан сөз
Ғылымы жоқ наданға.
Кеудесiнде болса көз,
Жұғар мұндай адамға.
Ондай адам қазақтан
Көп туса осы заманға,
Босар едi-ау азаптан
Қазақ шығып самалға.
Бекем буып белiмдi.
Мiнiн айтып қазушы ем,
Түзетпек боп елiмдi.
Бұлдарлық ой менде жоқ,
Бұған шыққан терiмдi.
Ұқтырарлық пенде жоқ,
Қате басқан жерiмдi.
Күнi-түнi ойланып,
Жазудан да жалықтым.
Газет, кiтап қолға алып,
Оқудан да талықтым.
Ел тiлiме көнбедi,
Жыладым да қамықтым.
Yмiтсiздiк дендедi,
Зорықтым да шалықтым.
Бағасы бiр халқыма
Жабағы мен мамықтың.
Нанбайды, рас, антыма
Кәдiрi мол танықтың.
Айырмайды арасын
Бұлдыр менен анықтың.
Ендi қайда барасың,
Түрi мынау халықтың?
Айла таппай адастым,
Қайғы артылып мойныма.
Ақылымнан шатастым,
Жас төгiлдi қойныма.
Ойландым да сандалдым,
У жайылды бойыма.
Mұңдасуға қамдандым
Қайратым мен Ойыма.
Yмiт үзген қорқақ Ой
Дiрiлдейдi қалшылдап.
«Мүмкiн емес, мұны қой»‚ –
Деп жалынды жалпылдап.
Бiр жағымнан Ерiншек
Тағы келдi салпылдап.
«Болмаймын,– деп,– келiншек»,–
Ашу келдi арсылдап.
«Елдi сөк те жаманда,–
Деп ұрысты Ашуым,–
Жамандықтан аман ба,
Шыннан қалай қашуың?»
Қиын болды баяндап,
Аяқты қалай басуым.
Сабыр келдi аяңдап:
«Жарамас‚ – деп,– сасуың.
Бәрiне де хабар сал,
Рахым, ұят, ар қайда?
Қаруыңды жиып ал,
Құр ашудан не пайда?
Қайратың мен Сақтығың
Көрiне ме маңайда?
Өлше iстiң ақтығын,
Ынсап бар ма оңайда».
Өңкей асау, мас халық,
Бәрiн бойдан қашырған.
Көп наданнан жасқанып,
Сорлың елге бас ұрған.
Рахым, ұят, арының
Бетiн топырақ жасырған.
Қайраты қайтып кәрiнiң,
Қайғысын сүйтiп асырған.
Сабыр айтты: «Мына сөз
Сабырымды қайнатты.
Өңкей ақымақ шелдi көз
Ақты қайтiп жайратты?
Менi ұстауға шыдай көр,
Сүйтiп жұмса Қайратты.
Ынсабыңа хабар бер»‚–
Деп ақылды сайратты.
Қайратымнан қайтқанмын,
Ол жуырда келсiн бе?
Келме деп те айтқанмын,
Дедiм: «Менi менсiнбе!»
Бiреу шықты қабiрден:
«Баяғы сорлым сенсiң бе?
Айрылмасаң Сабырдан,
Мен келмейдi дейсiң бе?
Ұмыттың ба, ескi жар,
Аяқбауым – Сабыр ғой!
Сабырлы ер де менде бар,
Ол екеумiз тамыр ғой.
Қайраттанып шақырсаң,
Қаруларың әзiр ғой.
«Бәрiң кет!» – деп ақырсаң,
Өзiңе қазған қабiр ғой.
Ал ақылдас, бәрi бар,
Дайын қылдым бәрiн де:
Сақтық, Ұят, Рахым, Ар,
Ынсап деген кәрiң де.
Бiз тұрғанда арамның
Дәм бола ма нәрiнде?
Қайғы емес қой наданның
Тығылғаны әр iнге».
Жан кiргендей қозғалдым,
Тұла бойым шымырлап.
Жан-жағыма көз салдым,
Сөйлейiн деп қыбырлап.
Бiреу келдi жаныма,
Құлағыма сыбырлап.
Түртiп қалды саныма:
«Сөйлеме,– деп,– жыбырлап.
Және сөйлеп барасың,
Жай отырсаң нетедi?
Өз мазаңды аласың,
Жан тыныштық кетедi.
Ауыр қайғы, терең ой
Өкпеге зиян етедi.
Тiлiмдi ал да, мұны қой,
Түбiңе осы жетедi».
Жалт қарасам бетiне –
Баяғы құрғыр Ерiншек.
Көзiм түстi етiне –
Бiр уыздай келiншек.
Құры көзбен қарасам,
Қызығады ой тентек.
Ақылмен өлшеп санасам,
Қозады оған ескi кек:
«Әй, Ерiншек, қара жүз,
Не қылмадың сен маған?
Ендi менен күдер үз,
Жақындама бер таман.
Сенiң қылған iсiң ғой
Харекетсiз көп надан.
Рахымы жоқ жәдiгөй,
Қойып едiң кiмдi аман?
Жас күнiмде epiнтiп,
Шала қалдым ғылымнан.
Жау қолында керiлтiп,
Жеңiлдiрдiң зұлымнан.
Өмiр – кесел, ұры, қар,
Не табасың мұныңнан?
Менi өлтiрсе залымдар,
Алушы ма едiң құнымнан?!
Осы көрген көп бейнет
Бәрi сенен емес пе?
Былшылдамай арман кет,
Болмас iске егеспе.
Әлдеқашан ант бердiм
Бал берсең де жемеске.
Рахаттан да жалт бердiм,
Тыныштық бар демеске».
Кеттi Ерiншек өкпелеп,
Қайта келiп қонбасқа.
Өкпеге тағы тепкiлеп,
Тарланды салдым болмасқа.
Кеткенiмен жұмыс жоқ
Қазақ iсi оңбасқа.
Мен сорлыда тыныс жоқ,
Ақылдастым жолдасқа.
Сөйлестi бәрi сыбырлап‚
Мен отырдым тыңдауға.
Жүрегiм тұр жыбырлап,
Дәл тапқанда ымдауға.
Ойлағанын бәрi де
Ортаға салды шыңдауға.
Қалжың емес, әрине,
Керек дестi шындауға.
Кейбiреуi майда айтып,
Елжiреттi, жылатты.
Қайсыбiрi қайғы айтып,
Yмiттiң үйiн құлатты.
Айтып-айтып келдi де,
Бәрi Ынсапқа сынатты.
Ынсап өлшеп көрдi де,
Былайша деп ұнатты:
«Ел саңырау, надан ғой,
Естiле ме құр айғай,
Емделмеген адам ғой,
Ем бола ма құр ойбай.
Құлағы мен көзiн аш,
Оқу оқыт, ғылым жай.
Насихатты сөйтiп шаш,
Соны жүрсiң бiле алмай.
Газетке жаз, кiтап жаз,
Бастыр, оқыт қазаққа.
Мақтағанға болып мәз,
Қала берме мазаққа.
Сусыз егiн не шықсын,
Суғар, шыда азапқа.
Дәмiн алып ел ұқсын,
Сонда ұмтылар тамаққа».
Осы сөздi дұрыс деп
Жүрек соқты, құптады.
Түзу iстi бұрыс деп
Ол жасырып, тықпады.
Айқай салып бақырса,
Ойсыз құлақ ұқпады.
Қанша тұқым шашылса,
Жер жыртылмай шықпады.
Жұқпайды екен айтқан сөз
Ғылымы жоқ наданға.
Кеудесiнде болса көз,
Жұғар мұндай адамға.
Ондай адам қазақтан
Көп туса осы заманға,
Босар едi-ау азаптан
Қазақ шығып самалға.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: