Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Атаның шаһуатының көп қой мәні...)
Атаның шаhуатының көп қой мәнi,
Ананың құрсағында қан болғаны.
Құс пен адам болар деп кiм айта алар,
Өлi қан мен жаны жоқ жұмыртқаны?
Басында оның киiмi шаhуат едi,
Қызыл қан, ақ жұмыртқа кигенi әнi!
Денесi неше миллион құбылса да,
Оның жаны – баяғы ескi жаны.
Сезiмiнiң зорайып, азаймағы –
Қандай түрде болғаннан оның тәнi.
Қайда барса, ол өзiн «өзiм» дейдi,
«Өзiм» деп денесi емес, жанды айтқаны.
Сол жаннан тiптi «өзiмдiк» жоғалмайды,
Есеп емес, сан өлiп, сан қайтқаны.
Ананың құрсағында қан болғаны.
Құс пен адам болар деп кiм айта алар,
Өлi қан мен жаны жоқ жұмыртқаны?
Басында оның киiмi шаhуат едi,
Қызыл қан, ақ жұмыртқа кигенi әнi!
Денесi неше миллион құбылса да,
Оның жаны – баяғы ескi жаны.
Сезiмiнiң зорайып, азаймағы –
Қандай түрде болғаннан оның тәнi.
Қайда барса, ол өзiн «өзiм» дейдi,
«Өзiм» деп денесi емес, жанды айтқаны.
Сол жаннан тiптi «өзiмдiк» жоғалмайды,
Есеп емес, сан өлiп, сан қайтқаны.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Анық асық – әулие...)
» Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы («Адамның еркі қайда?» деп ақылдан сұрағаным)
» Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Шын асықтың әрбірі)
» Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Аурусыз жанға айла жоқ...)
» Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Тіршілік жан туралы)

Іздеп көріңіз: