Қазақша өлең: Бұқар жырау (Айналасын жер тұтқан)

Қазақша өлең: Бұқар жырау (Айналасын жер тұтқан)

Айналасын жер тұтқан
Айды батпас демеңіз.
Айнала ішсе азайып,
Көл суалмас демеңіз.
Құрсағы құшақ байлардан
Дәулет таймас демеңіз.
Жарлыны жарлы демеңіз,
Жарлы байға тең келіп,
Жайлауға жарыса көшпес демеңіз.
Жалғызды жалғыз демеңіз,
Жалғыз көпке теңеліп.
Бір жаһанда соғысып,
Кегін алмас демеңіз.
Құландар ойнар қу тақыр
Қурай бітпес демеңіз.
Қурай бітпес құба жон
Құлан жортпас демеңіз.
Құрсағы жуан боз бие
Құлын салмас демеңіз.
Қулық туған құлаша
Құрсактанбас демеңіз.
Қу таяқты кедейге
Дәулет бітпес демеңіз.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
бұқар жырау өлеңі Айналасын жер тұтқан ..., бұқар жырау өлеңі, бұқар жырау өлеңдері, бухар жырау стихи на казахском языке, стихи на казахском языке бухар жырау, бухар жырау стихи, бухар жырау стихи на казахском, бұқар жырау Айналасын жер тұтқан өлең стихи на казахском бухар жырау казакша олен, бухар жырау олендери казакша, Айналасын жер тұтқан

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]