Қазақша өлең: Әбіш Кекілбайұлы (Алматыда, күзді күні, бульварда)

Қазақша өлең: Әбіш Кекілбайұлы (Алматыда, күзді күні, бульварда)

Күз келіпті - ау... Маңай түгел сап - сары,
Жадап - жүдеп қалған екен бақ тағы.
Қоңыр қаздың қаңқылдаған дауысы
Қайта - қайта "қош сау бол" деп қақсады.

Күз келіпті - ау... Маңай түгел сап - сары,
Жадап - жүдеп қалған екен бақ тағы.
Қоңыр қаздың қаңқылдаған дауысы
Қайта - қайта "қош сау бол" деп қақсады.
Теректер де жұлдырыпты кекілді,
Тауда тұман тастан тасқа секірді
Күз жауыны тырсылдайды жер шұқып,
Жем іздеген жетім шөже секілді.
Сабапты жел қайыңды көк жоса қып,
Жайратыпты қызыл гүлді қоса атып.
Сар жапырақ тұра бермей бұтақта
Жатыр орнын жаңа бүрге босатып.
Саудыр - саудыр саулап сары жапырақ,
Жатыр өбіп, жатыр өбіп сыз жерді.
Тұрушы еді жазда ылғи жылтырап,
Қайтсын енді ол... Қайтсын енді... Күз келді.
Желмен ұйтқып сар жапырақ борады,
Саудыр - саудыр саулап жатыр бақшада.
Паналап ек тұрғанында жоғары,
Түскенде енді аяғыңа таптама...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
әбіш кекілбаев өлеңі Алматыда күзді күні бульварда, әбіш кекілбаев өлеңдері, әбіш кекілбаев өлеңі, абиш кекильбаев олендери, абиш кекилбаев олендери, стихи на казахском языке абиш кекильбаев, стихи на казахском абиш кекильбаев, стихи на казахском абиш кекилбаев, стихи на казахском языке кекильбаев абиш

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]