Қазақша өлең: Әбіш Кекілбайұлы (Айым сен деп жүр едім)
![Қазақша өлең: Әбіш Кекілбайұлы (Айым сен деп жүр едім)](https://www.zharar.com/uploads/posts/2016-02/1455127211_85e07a7133f36bc4b54642d6c26cd0f5.jpg)
Айым сен деп жүр едім,
Шығыпсың басқа аспанға.
Қапыда түсті жүрегім
Қасірет деген қақпанға.
Жарығына жат айдың,
Жаным - ау, қайтып телмірем?
Жалғанда қалай жасаймын,
Жайқалам қайтып енді мен?!
Жалғыз өзің - қаймағым,
Жалап кеткен жат мысық.
Жалғыз - ақ оқтан жайрадым,
Жүрегіме дат түсіп.
Бақыттың ауылы о шетте, -
Не бітірем енді өксіп,
Тағдыр деген төсекте
Өтемін де дөңбекшіп...
Шығыпсың басқа аспанға.
Қапыда түсті жүрегім
Қасірет деген қақпанға.
Жарығына жат айдың,
Жаным - ау, қайтып телмірем?
Жалғанда қалай жасаймын,
Жайқалам қайтып енді мен?!
Жалғыз өзің - қаймағым,
Жалап кеткен жат мысық.
Жалғыз - ақ оқтан жайрадым,
Жүрегіме дат түсіп.
Бақыттың ауылы о шетте, -
Не бітірем енді өксіп,
Тағдыр деген төсекте
Өтемін де дөңбекшіп...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: