Қазақша өлең: Әбіш Кекілбайұлы (Ай да бір сәт қалжырап)

Қазақша өлең: Әбіш Кекілбайұлы (Ай да бір сәт қалжырап)

Махаббаттың құйыны
Қыз көрпесін ысырды.
Махаббаттың құйыны
Ұйқының туын ұшырды.
Махаббаттың құйыны
Жандырады жүрегін.
Махаббаттың құйыны
Жайдырады білегін.


Ай да бір сәт қалжырап,
Бүркенді шарбы бұлтты.
Ауыл түгел маужырап,
Әйнектер көзін жұмыпты.
Қыз құлағын тігіп мың
Төңіректі тыңдады.
Қой күзеткен жігіттің
Алыстан салған тынды әні.
Махаббаттың құйыны
Қыз көрпесін ысырды.
Махаббаттың құйыны
Ұйқының туын ұшырды.
Махаббаттың құйыны
Жандырады жүрегін.
Махаббаттың құйыны
Жайдырады білегін.
Қайта - қайта күркілдеп,
Шал да көз ілмейді.
Өзі-өзінен күңкілдеп,
Кәрілікті тілдейді.
Бұлт бүркеніп ұйықтапты - ай,
Кетіпті қалғып сар дала.
Біреуін жастық ұйықтатпай,
Біреуін қарттық ұйықтатпай,
Ояу екі жан ғана.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
әбіш кекілбаев өлеңі Ай да бір сәт қалжырап, әбіш кекілбаев өлеңдері, әбіш кекілбаев өлеңі, абиш кекильбаев олендери, абиш кекилбаев олендери, стихи на казахском языке абиш кекильбаев, стихи на казахском абиш кекильбаев, стихи на казахском абиш кекилбаев, стихи на казахском языке кекильбаев абиш

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]