Қазақша өлең: 15 Сәуір - Махаббат & Ғашықтар күні (Қыз сыры)

Қазақша өлең: 15 Сәуір - Махаббат & Ғашықтар күні (Қыз сыры)

Махаббат көліне арайлы аққуы қонған күні,
Сенім биігінде алаулы үміттің жанған күні,
Аққу-сезімімнің ән боп самғаған арман күні-
Жолықтым саған.
Көңіліңнің толқыны сайтан сезімге ерген күні,
Мынау ұлы далаға бір жаңа леп келген түні,
Менің нәзік жүрегім махаббат дүниесіне сенген күні-
Біз түсінік таппадык.
Қыз-намысым абырой биігінен көрінгені үшін,
Қыз-жүрегім махаббат тазалығына берілгені үшін,
Ар-намысым жеңіл ләззаттан жерінгені үшін-
Кінәладың мені.
Сенің жігіттік биігіңе сенгенім үшін,
Сене тұрып,соңыңнан ергенім үшін,
Сені бар жігіттен артық көргенім үшін-
Мен кінәлі емеспін.
Бір сені ессіз көбелектей сүйгенім үшін,
Жүректе ойнаған сезім атты күйлерім үшін,
Сенің алдыңда қыз-тәкаппарлығымды игенім үшін-
Кінәла мені.
Сен жайлы құрбыға айтқан мақтаным үшін,
Түн қойнында сені ғана ойлап жатқаным үшін,
Бір сен деп көз ілмеген ақ таңым үшін-
Кінәла мені.
Саған деген тазалықтан өзге айдында жүзбегенім үшін,
Көкіректегі "менімді" жоғалтып,"БІЗ" дегенім үшін,
Өмір толқынынан тек сені іздегенім үшін-
Кінәла мені.
Өзгелер үшін Махаббат деп аталатынымыз үшін,
Өзге жұптарға тигізер шапағатымыз үшін,
Көз жасы киелі махаббатымыз үшін-
Түсін мені!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
казахские стихи о любви, на казахском языке стихи про любовь, казахские стихи любовь, стихи про любовь на казахском языке, стихи про любви на казахском, красивые стихи про любовь на казахском, қазақтардың махаббат күні, қазақтардың махаббат күні өлең, қыз сыры өлең, қыз сыры өлең қазақша, махаббат жайлы өлең жолдары, махаббат туралы өлең жолдары, махаббат туралы өлең шумақтары, ғашықтар күні туралы өлеңдер 15 сәуір

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]