Қазақша өлең: Төлеген Айбергенов (Шараңа суың сыймастан)

Қазақша өлең: Төлеген Айбергенов (Шараңа суың сыймастан)

Шараңа суың сыймастан.
Теңселіп жатқан теңізсің.
Теңі жоқ ғажап күй-дастан,
Тербелген ыстық лебізсің.
Сілкіле құлай жаздатып,
Толқыныңмен қағып өт.
Жіберші мені маздатып.
Кеудеме жалын жағып от.
Бойыңда туған балаңмын,
Аяма, теңіз, барыңды.
Арманын тындап даламның
Алайын сенен бар үнді.
Жандардың мынау көңілді
Кемесін, теңіз, тербей біл.
Тербеліп жатқан өмірді,
Тебіреніп сүйген ел ғой бұл...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
төлеген айбергенов өлеңдері, толеген айбергенов олендери на казахском языке, толеген айбергенов стихи, толеген айбергенов стихи на казахском языке, толеген айбергенов олендери, стихи толеген айбергенов на казахском языке, төлеген айбергенов Қазақша өлең, казакша олен толеген айбергенов, стихи толеген айбергенов на казахском языке, төлеген айбергенов казакша олен

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]