Қазақша өлең: Төлеген Айбергенов (Шараңа суың сыймастан)
Шараңа суың сыймастан.
Теңселіп жатқан теңізсің.
Теңі жоқ ғажап күй-дастан,
Тербелген ыстық лебізсің.
Сілкіле құлай жаздатып,
Толқыныңмен қағып өт.
Жіберші мені маздатып.
Кеудеме жалын жағып от.
Бойыңда туған балаңмын,
Аяма, теңіз, барыңды.
Арманын тындап даламның
Алайын сенен бар үнді.
Жандардың мынау көңілді
Кемесін, теңіз, тербей біл.
Тербеліп жатқан өмірді,
Тебіреніп сүйген ел ғой бұл...
Теңселіп жатқан теңізсің.
Теңі жоқ ғажап күй-дастан,
Тербелген ыстық лебізсің.
Сілкіле құлай жаздатып,
Толқыныңмен қағып өт.
Жіберші мені маздатып.
Кеудеме жалын жағып от.
Бойыңда туған балаңмын,
Аяма, теңіз, барыңды.
Арманын тындап даламның
Алайын сенен бар үнді.
Жандардың мынау көңілді
Кемесін, теңіз, тербей біл.
Тербеліп жатқан өмірді,
Тебіреніп сүйген ел ғой бұл...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: