Қазақша өлең: Төлеген Айбергенов (Сапар)
Көк самолет біз мінген,
Көтеріле аспанға,
Мен де ұқсадым елемнің,
Көк қақпасын ашқанға.
Алда қазақ даласы,
Ару қырын гүл басқан.
Артта Арал жағасы,
Әмуменен сырласқан.
Алда қазақ даласы,
Сансыз малы шулаған.
Артта Арал жағасы,
Ақ сазаны тулаған.
Қыз қылықпен бұралған,
Жылу құйып жанға тың.
Құшақ жайып тұр алдан,
Ай маңдайлы Алматым.
Ойдың шолып тереңін,
Жарыса ұшып желменен.
Аспанына өлеңнің
Алып ұшып мен келем.
Көтеріле аспанға,
Мен де ұқсадым елемнің,
Көк қақпасын ашқанға.
Алда қазақ даласы,
Ару қырын гүл басқан.
Артта Арал жағасы,
Әмуменен сырласқан.
Алда қазақ даласы,
Сансыз малы шулаған.
Артта Арал жағасы,
Ақ сазаны тулаған.
Қыз қылықпен бұралған,
Жылу құйып жанға тың.
Құшақ жайып тұр алдан,
Ай маңдайлы Алматым.
Ойдың шолып тереңін,
Жарыса ұшып желменен.
Аспанына өлеңнің
Алып ұшып мен келем.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: