Қазақша өлең: Төлеген Айбергенов (Мен жүрдім сені күнім деп)
Мен жүрдім сені күнім деп,
Сен бе едің маған құмар шын.
Қоштасқаныңмен күлімдеп,
Жылап та жүрген шығарсың.
Көп болды көрмегелі де,
Көрдің деп сен де айта алман.
Сезімнің пернелерінде,
Көгілдір көлім шайқалған.
Солдат боп жүрген кезімде,
Таң болып талай атты арман.
Сен салған аппақ қайыңның!
Жапырағындай хаттардан.
Сен бе едің маған құмар шын.
Қоштасқаныңмен күлімдеп,
Жылап та жүрген шығарсың.
Көп болды көрмегелі де,
Көрдің деп сен де айта алман.
Сезімнің пернелерінде,
Көгілдір көлім шайқалған.
Солдат боп жүрген кезімде,
Таң болып талай атты арман.
Сен салған аппақ қайыңның!
Жапырағындай хаттардан.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Төлеген Айбергенов (Махаббат! Неткен алып, қайратты едің)
» Қазақша өлең: Төлеген Айбергенов (Қарай берші, аппағым)
» Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Кеш, күнім...)
» Өлең: Мұқағали Мақатаев (Менің кішкентай күнім)
» Қазақша өлең: Төлеген Айбергенов (Өтті ғой, сәулем, ай талай)

Іздеп көріңіз: