Қазақша өлең: Төлеген Айбергенов (Махаббат! Неткен алып, қайратты едің)
Махаббат! Неткен алып, қайратты едің,
Мен сені мұншалық деп ойлап па едім.
Тұсаулап, табандатып тағдырымды,
Қолына қара көздің байлап бердің.
Көп екен өмір сыры білгізбеген,
Жаны пәк таныстым да бір қызбенен,
Түріліп шаттығымның томағасы,
Сырласа бастадым ай, жұлдызбенен.
Көз алмай қарай бердім кіл шыңдардан,
Қиялдан қолын созып құлшынды арман.
Әйтеуір, сол бір қызға кездестім де,
Тап болдым қуанышқа тыншымды алған.
Мен сені мұншалық деп ойлап па едім.
Тұсаулап, табандатып тағдырымды,
Қолына қара көздің байлап бердің.
Көп екен өмір сыры білгізбеген,
Жаны пәк таныстым да бір қызбенен,
Түріліп шаттығымның томағасы,
Сырласа бастадым ай, жұлдызбенен.
Көз алмай қарай бердім кіл шыңдардан,
Қиялдан қолын созып құлшынды арман.
Әйтеуір, сол бір қызға кездестім де,
Тап болдым қуанышқа тыншымды алған.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Төлеген Айбергенов (Мен жүрдім сені күнім деп)
» Қазақша өлең: Төлеген Айбергенов (Қырыңда анам қыз күнін)
» Қазақша өлең: Төлеген Айбергенов (Күлкілер)
» Қазақша өлең: Төлеген Айбергенов (Қарай берші, аппағым)
» Қазақша өлең: Төлеген Айбергенов (Бір көргеннен адам сыры байқалмас)

Іздеп көріңіз: