Қазақша өлең: Төлеген Айбергенов (Күлкілер)
О, күлкілер,
ерке назды күлкілер,
Сендер барда жүрегімде жыр түлер.
Сендер барда көктемінде шаттықтың
Аунап-қунап көңілім бір сілкінер.
Сендер барда көңіл жайсаң күйге еніп.
Шердің өзі шерленеді именіп.
Жатады бір сол кездері кеудемнің
Радиосы тасқын-топан күй беріп.
Жақсы едіңдер
неткен назды күлкілер,
Болмағай да сәттерің де бір іркілер.
Өз басы үшін жақсы атыңды жамылыл
Кетпесе екен бірақ кейбір түлкілер.
ерке назды күлкілер,
Сендер барда жүрегімде жыр түлер.
Сендер барда көктемінде шаттықтың
Аунап-қунап көңілім бір сілкінер.
Сендер барда көңіл жайсаң күйге еніп.
Шердің өзі шерленеді именіп.
Жатады бір сол кездері кеудемнің
Радиосы тасқын-топан күй беріп.
Жақсы едіңдер
неткен назды күлкілер,
Болмағай да сәттерің де бір іркілер.
Өз басы үшін жақсы атыңды жамылыл
Кетпесе екен бірақ кейбір түлкілер.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: