Қазақша өлең: Төлеген Айбергенов (Бақшаға саяхат)
Қаласың кірсең бір жасап,
Тұра алмас бақтар сыр бүгіп.
Сал самал өнін шырқаса-ақ
Шыға бір келер дүрлігіп.
Думанға толы өмірің,
Есіңе түсер мүндайда.
Шаңқобыз тартып көңілің.
Айналар кеудең сырнайға.
Жаныңда тулап ағындар,
Қуаныш шоғын жайнатар.
Тереңдеп кеткен тамырлар,
Терең ой саған ойлатар.
Күзетіп құба таңдарды,
Көзіне күміс шық тосқан,
Сүйем мен талма талдарды,
Табанын жерге нық басқан.
Тұра алмас бақтар сыр бүгіп.
Сал самал өнін шырқаса-ақ
Шыға бір келер дүрлігіп.
Думанға толы өмірің,
Есіңе түсер мүндайда.
Шаңқобыз тартып көңілің.
Айналар кеудең сырнайға.
Жаныңда тулап ағындар,
Қуаныш шоғын жайнатар.
Тереңдеп кеткен тамырлар,
Терең ой саған ойлатар.
Күзетіп құба таңдарды,
Көзіне күміс шық тосқан,
Сүйем мен талма талдарды,
Табанын жерге нық басқан.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Төлеген Айбергенов (Күн - бикеш көкжиектен құлап кеткен)
» Қазақша өлең: Төлеген Айбергенов (Дала)
» Қазақша өлең: Төлеген Айбергенов (Бір көргеннен адам сыры байқалмас)
» Қазақша өлең: Төлеген Айбергенов (Қарай берші, аппағым)
» Қазақша өлең: Төлеген Айбергенов (Ойлай бер мені...)

Іздеп көріңіз: