Өлең: Қар қызыма

Өлең: Қар қызыма

Қара жел қарғып тұрып үн қатады,
Ызғарымен кеудемді сыздатады..
Сағыныш, құлазыған мұң жанарың,
Неліктен жүрегімді мұздатады..

Көп кідірмей келемін алаңдама,
Мені жаным күтуге шамаң барма?!
Мен сағынып сүйіп жүрген "Қар қызым",
Ақ қардың аязынан жаралғанба?!

Кейде жаным сағыныш көкте деймін,
Кейде мұздап, жылуым көп демеймін,
Сендегі бар сезімді сезгеннен соң,
Несіне "Қар қызыма" өкпелеймін..

Несіне өкпелеймін сағынышым,
Өзіңнен өшпестей бір жалын құштым..
Жапалақтап қар жауған сол бір түні,
Жел жармасқан қиялмен алып ұштым..

Көз алмадым, ұзағынан қарадым,
Аппақ қардан көрінердей жанарың..
Қар жауып басылғалы тұрған шақта,
Аяздарға қимай сені барамын..

Үн қатып жүрекпенен жар саламын,
Қар қызым қайда кеттің аңсағаным..
Қар жауғанда сағынып келерсің деп,
Қар жауғанын күтуден шаршамадым.
Дархан Мұратов
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жанарың, жаным, қарғып, келемін, Несіне, тұрып, өкпелеймін, Кейде, қызым, сағынып, алаңдама, күтуге, кідірмей, мұздатады, қатады, Ызғарымен, кеудемді, сыздатады, Сағыныш, құлазыған

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]