Қазақша өлең: Жамбыл Жабаев (Шәбденге)

Қазақша өлең: Жамбыл Жабаев (Шәбденге)

Уа, шаһибаз, хан Шәбден!
Атым арып кедді әбден.
Тоным тозып жүдедім,
Орын бермей жан төрден.
Ақ ордаңа енейін,
Аман-сәлем берейін.
Аз дамылдап алайын,
Өзіме өзім келейін.
Жан таңқалған сөзімді
Алдыңа бір төгейін.
Күн қиядан батқанша,
Ай қиядан асқанша,
Ағыл-тегіл тер болып,
Жорғалайын, желейін.
Басы биік Алатау
Жер өңірден көрінер,
Арнап келдім, батыр-ау,
Амандасып, қолың бер!
Ауыл алыс болса да,
Атағыңды көрдім бел.
Атым арық, тон тозық,
Қысып келді аштық, шөл.
Жерімізде жұт болып,
Өспей қалды биыл төл.
Бұйымтайым, мұңым да
Әзірше айтар сізге сол.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жамбыл жабаев Шәбденге өлеңі, жамбыл жабаев все стихи на казахском языке, жамбыл жабаев өлеңдері, жамбыл жабаев стихи на казахском, жамбыл жабаев стихи на казахском языке, жамбыл жабаев өлеңдер жинағы, жамбыл жабаев өлеңдер жинағы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]