Қазақша өлең: Жамбыл Жабаев (Мәмбетке)

Қазақша өлең: Жамбыл Жабаев (Мәмбетке)

Уа, қадірлі Мәмбетім,
Ауылыңда алты күн
Дамыл алмай әндеттім.
Ән мен күйді тоғылтып,
Айналаңды сәнді еттім.
Атан беріп, ат беріп,
Ақырында дәндеттің.
Алты ай өтіп арада,
Ауылыма сен жеттің.
«Жамбыл үйі жаман» деп,
Атақ жайып сен кеттің.
Үйім жаман болғанмен,
Сөзімді жұрт сыйлайды.
Айтқандарым жаққан соң,
Алыс, жақын тыңдайды.
Сен жамандап кетсең де,
Мені жұртым қимайды.
Бай есіркеп бермейді,
Айтқаныма улайды.

Қайтармасаң бодауын,
Тағы артынан тулайды.
Айтпасыма болмайды,
Қылығы ішке сыймайды.
Түк қайыры болмаса,
Несіне мал жинайды?!
Садырмекке ат шапты
Суыктөбе баурында.
Қырғыз, қазақ бас қосты
Сәке болыс аулында,
Қатарлап үйді тіктіріп,
Қамбалап қазан қайнаттың,
" Желілеп бие байлаттың.
Сауын айтып, ас беріп,
Ақындарды сайраттың.
Атаңа зорлық көрсеткен
Мырзабек пен Кәшкенің
Басына таяқ ойнаттың.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жамбыл жабаев Мәмбетке өлеңі, жамбыл жабаев все стихи на казахском языке, жамбыл жабаев өлеңдері, жамбыл жабаев стихи на казахском, жамбыл жабаев стихи на казахском языке, жамбыл жабаев өлеңдер жинағы, жамбыл жабаев өлеңдер жинағы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]