Қазақша өлең: Жамбыл Жабаев (Кедей күйі)

Қазақша өлең: Жамбыл Жабаев (Кедей күйі)

Ұзынағаш, Қаратас,
Қалқабайдай қайран жас.
Бекеттен нан қоймайды,
Жалаң аяқ, жалаң бас.
Оған ауыз жарымас,
Сонда дағы ар қылмас.
Қалт-күлт етіп жүргені,
Қысы-жазы қарны аш.
Қайтіп жаның ашымас,
Неткен заман қатыбас.
Еткен еңбек, төккен тер
Қалай түкке татымас?!
Болмайды ішкен асың ас,
Қайтіп сүйек жасымас?!
Мұныменен, Қалқабай,
Сордан көзің ашылмас.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жамбыл жабаев Кедей күйі өлеңі, жамбыл жабаев все стихи на казахском языке, жамбыл жабаев өлеңдері, жамбыл жабаев стихи на казахском, жамбыл жабаев стихи на казахском языке, жамбыл жабаев өлеңдер жинағы, жамбыл жабаев өлеңдер жинағы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]