Қазақша өлең: Жамбыл Жабаев (Бұрымға)

Қазақша өлең: Жамбыл Жабаев (Бұрымға)

Сен лашын болғанда, мен - ақсұңқар
Бір көріп дидарыңа болдым іңкәр.
Көркің бар көрген адам таң қалғандай,
Шыққандай жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.
Жасымнан жақсыларды жағаладым,
Алатау, Қаратауды араладым.
Қай тұсқа аттың басын тіресем де,
Өзіңнен басқа сұлу таба алмадым.
Жарқ еткен оқтан ұшқыр бота көзің,
Балқытар қорғасындай айтқан сөзің.
Сыртыңнан атыңды естіп жүруші едім,
Қаңбақтай жел аударған келді-ау кезім.
Айрылдым ай жарықта Бұрымымнан,
Азаптың кім құтылған құрығынан.
Жастықтың желігімен жүргенімде,
Келмейтін Сырдың суы жұлығымнан.
Есімнен еш кетпейді қайран Бұрым,
Мүшелі байланбаған ол бір құлын.
Қайтесің өткен істі еске салып.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жамбыл жабаев Бұрымға өлеңі, жамбыл жабаев все стихи на казахском языке, жамбыл жабаев өлеңдері, жамбыл жабаев стихи на казахском, жамбыл жабаев стихи на казахском языке, жамбыл жабаев өлеңдер жинағы, жамбыл жабаев өлеңдер жинағы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]