Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Ескі әнді, шеше, қозғама!)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Ескі әнді, шеше, қозғама!)

Босқанда - ел-жұрт боздаған!
Ескі әнді, шеше, қозғама!
Елестеп маған өтеді:
Кұлазып жатқан боз дала,
Ескі әнді, шеше, қозғама?!
Қызда да, қыршын ұлда да,
Ұлыған неткен мұң-нала?!
Күңіренген неткен қу дала?!
Ескі әнді, шеше, қозғама?!
Өлмесін десең біржола,
Ескінің орнын тырнама!
(Жамандық көрмей өстім мен)
Күңіренбе, шеше, ескі үнмен?!
Күңірентпе мына даланы,
Азалы керуен, көш жүрген.
Күңіренсең, шеше, ескі үнмен,
Жетіқат жердің астынан
Бабамнын, даусы естілген.
Күңіренбе, шеше, ескі үнмен!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев Ескі әнді шеше қозғама өлеңі, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]