Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Есіңе мені алғайсың)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Есіңе мені алғайсың)

Нұр жауып тұрған көктемде,
Гүл тере барсаң бөктерге,
Қоңыраулатқан аспанды,
Найзағай шаншып өткенде,
Есіңе мені алғайсың.
Қоңыраулатқан аспанды,
Найзағай шаншып өткенде,
Есіңе мені алғайсың.

Қазбауыр бұлттар маңғанда,
Орманға жазда барғанда,
Арманда мені арманда,
Мен бар деп мына жалғанда,
Есіңе мені алғайсың.
Арманда мені арманда,
Мен бар деп мына жалғанда,
Есіңе мені алғайсың.

Қараша келген шақтарда,
Құлазып тұрған бақтарда,
Жапырақ жайрап жатқанда,
Құрайлар сыңси қаққанда,
Есіңе мені алғайсың.
Жапырақ жайрап жатқанда,
Құрайлар сыңси қаққанда,
Есіңе мені алғайсың.

Ақ ұлпа жерді жапқанда,
Ағаштар сырға таққанда,
Бозарып атқан ақ таңда,
Бозарып тұрып ақпанда,
Есіңе мені алғайсың,
Жапырақ жайрап жатқанда,
Құрайлар сыңси қаққанда,
Есіңе мені алғайсың.

Жапырақ жайрап жатқанда,
Құрайлар сыңси қаққанда,
Есіңе мені алғайсың.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев Есіңе мені алғайсың өлеңі, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]