Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Ей, өмір)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Ей, өмір)

Дүниенің ағын да, қарасын да,
Мыңқ етпейсің, қабылдап аласың да.
Қарасымен шамаң жоқ таласуға,
Ей, өмірім, зымырап барасың ба?
Жер мен көктің желпініп арасында,
Желігесің, түсесің қара суға.
Құйын қуған қаңбақтай аласұра,
Ей, өмірім, зымырап барасың ба?
Мен отырмын теңіздің жағасында,
Бересім де жоқ оған, аласым да.
Мені тастап, толқындар, ағасың ба?
Толқынданып, өмірім, барасың ба?
Шаң шығарып ізінен құйындаған,
Барасың ба, өмірім, қиындаған?
Сыйын маған,
Ей, өмір, сыйын маған,
Сыйыңды алам мен сенің бұйырмаған
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев өмір туралы өлеңдер, мұқағали мақатаев өмір туралы өлеңдері, мұқағали мақатаев өмір туралы өлеңдері, Мұқағали Мақатаев Ей өмір зымырап барасың ба, мұқағали мақатаев Ей өмір өлеңі, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]