Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Ей, Бауырым!)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Ей, Бауырым!)

Ей, Бауырым!
Heгe сонша сарғайдың?
Қапалансам, менің-дағы бар қайғым.
Мен жұртыма мұңымды емес,
Жырымды,
Қуанышым-шаттығымды арнаймын,
Қайғы-мұңы неге керек бір бастың,
Елім барда, есеңгіреп тұрмаспын.
Күндер маған көлеңкесін түсірсе,
Халқыма кеп, сырымды айтып, мұңдастым.
Қайтер дейсің қара бастың толғағы,
Өтер-кетер,
Шаруа ғой қолдағы.
Абдырасаң, арқа тірер айбының,
Асқар тауың күрсінбесе болғаны.
Ей, Бауырым!
Heгe сонша мұңайдың?
Мен мұңайсам, сенен бетер жылаймын.
Көп ойланып, аз күрсінген халқыма,
Қараймын да,
Қайраттанам, шыдаймын.
Ерікті елміз, бүлінбеген қорғаны,
Бәрімізге белгілі ғой ол жағы.
Қайтер дейсің қара бастың толғағы,
Тек жұртымыз күрсінбесе болғаны.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев Ей Бауырым өлеңі, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]