Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Егін салдым)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Егін салдым)

Егін салдым,
Мал бақтым,
Тас қаладым
Сағынам да,
Жұртты да басқарамын.
Жалығам да
Жабырқап пәс қаламын,
Жырды бірақ,
Жырды мен тастамадым,
Жырдан бөлек қалмады басқа амалым.
Аласартты тағдырым биіктетті -
Бәрі өткінші.
Қуаныш, күйік те өтті.
Екіталай кезенде еңсем бұққан,
Күйсандыққа саусағым тиіп кетті.
Күйсандықтан күңіреніп үн шығады,
Күй аңсаған қу көңіл тыншығады.
Қарғып шығып кетердей аласұрып,
Тұтқын жүрек кеудемде түншығады!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев Егін салдым өлеңі, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]