Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Басқа жыл)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Басқа жыл)

Ертең жұрт басқа жылды қарсы алады.
Тамашалап, күй тартып, ән салады.
Би билейді жастар да, кәрілер де,
Ұмыт болып жыл бойы шаршағаны.
Жайылған ақ дастарқан - ақ көңілдер.
Әжелер, балалар шат, шат келіндер.
Бәріңе айтатыным - бір-ақ тілек,
Бәрің де бақ көріңдер!
Бақ көріңдер!
Ертең жұрт қарсы алады басқа жылды.
(Тұрса екен тұман баспай аспанымды.)
Ертең мен түні бойы ұйықтамаймын,
Ұмытамын сырқатты, баста мұңды.
Басқа жыл келгенінше жер бетімен,
Құшақтап Дүниені тербетілем.
Ертең мен барлығынан айығамын,
Бір сүйіп Жаңа күннің келбетінен.
Бүрсігүні басқа жыл басталады.
Шал тұрар,
Қырау-қырау қас-қабағы.
Пенсияға шығуға таяды қарт,
Тағына отырғызып жас баланы.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев Басқа жыл өлеңі, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]