Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Бір өлеңі - бір елдің мұрасындай)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Бір өлеңі - бір елдің мұрасындай)

Бір өлеңі - бір елдің мұрасындай,
Жыр жаза алмай жүрмін мен Расулдай.
Расулдай...
Бағым да жүр ашылмай,
Құсбегінің қолындағы лашындай.
Танылмаса сырымен, қырыменен,
Танылмай-ақ кетсінші құрып өлең!
Расулдай мен-дағы жырлар жазсам,
Расулды тонаған ұры дер ең...
Расулдай бола алман!
Жырым бөлек!
Өзімнің үнім керек, тілім керек.
Өзгені де өзіндей сүйген елім,
Өз ақынын табады түбінде кеп.
Meн - таулықпын -
Қыранның балапаны.
Маған-дағы тауымның таңы атады.
Қарапайым қалтқысыз жырларымды
Қажетіне өз халқым жаратады.
Мен әзірге бола алмай Расулдай,
Бағым, жаным - барлығы жүр ашылмай.
Алынады томағам, кетем ұшып,
Құсбегіден құтылған лашындай.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев Бір өлеңі - бір елдің мұрасындай өлеңі, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]