Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Аңғал досым-ай)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Аңғал досым-ай)

Аңғал досым-ай,
He дейін саған, не дейін.
Көрінеді ішің,
Ашылса болды көмейің,
Жақсы да сені демейін,
Жаман да сені демейін,
Қасымда жүрші әрқашан сені көрейін.
Адамға деген жақсылығың да шамалы,
(Жаманнан гөрі жоғары.)
Кейітіп жанды,
Кей-кейде сенің түсіңнен,
Сұп-суық, сұмдық үскірік аяз соғады.
Кей-кейде мына өтірік күлген көзіңнен,
Сұмдық бір жаттық сезінем.
Безінем онда өзіңнен,
Өзіңе дегенДостығымнан да безінем!
Мінез-құлқыңды түрлентпей
Болсаңшы, досым,
Өмірде мына бір беткей.
Жақсылығың жүр,
Жаманнан гөрі жоғары.
Жамандығың да, жанымнан менің жүр кетпей.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев Аңғал досым-ай өлеңі, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]