Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Ақынды ақын оятпаса, болмайды)
![Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Ақынды ақын оятпаса, болмайды)](https://www.zharar.com/uploads/posts/2015-12/1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg)
Ақынды ақын оятпаса, болмайды,
Ақынды ақын таяқтаса, ол - қайғы.
Ақынды ақын сүйемесе, болмайды,
Ақынды ақын күйелесе, ол - қайғы.
Ақынға ақын басынан-ақ жуық-ты,
Барлық ақын бір анадан туыпты.
Ақынға ақын адал болсын әмәнда,
Ақынға ақын арам болса, жаман да...
Ақынға ақын, ете көрме пенделік!
Ақын, ақын! Пенделікті жөнделік!
Ақынды ақын таяқтаса, ол - қайғы.
Ақынды ақын сүйемесе, болмайды,
Ақынды ақын күйелесе, ол - қайғы.
Ақынға ақын басынан-ақ жуық-ты,
Барлық ақын бір анадан туыпты.
Ақынға ақын адал болсын әмәнда,
Ақынға ақын арам болса, жаман да...
Ақынға ақын, ете көрме пенделік!
Ақын, ақын! Пенделікті жөнделік!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: