Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Ақын ініге)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Ақын ініге)

Шоқтығына ер батқан, қайқаңдаған,
Мен - бір бәйек жорғамын байпаңдаған...
Күлесің-ау,
Күлесің... Сайтан-бала,
Сен айт менің ойымды, айта алмаған.
Ұмтыла бер ұрынбай құзат-жарға.
Мен сүрінгеи сөреден ұзап бар да,
Уат, мейлің, жанымды сызат шалғай,
Бірақ менің жырыма тұзақ салма!
Жырым менің - жалғызым, жан дауысым.
Жан дауысым!
Жоқтаған ар-намысын.
Ар-намысы тапталып қалмау үшін,
Арпалысып, әлсіреп қалғаны шын...
Ақын болсаң, алмас бол тайпалмаған!
Сен айт менің ойымды, айта алмаған.
Қарапайым жырымның дәнін ал да,
Қауызын,
Сайтан-бала,
Қайтар маған.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев Ақын ініге өлеңі, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]