Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Ауғанбай)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Ауғанбай)

Қару орнына қамшы алып,
Жол жүрдік біздер қаншалық.
Қанымыз кеуіп, тамсанып,
Бұлақтың суын аңсадық.
Қауымға қарап, жар салып.
Қоныс іздедік, жан салып,
Ақыры біздер шаршадық.
Қалмағы шауып бір өтті,
Қалғаны шауып бір өтті.
Ұйыған сүттей қайран ел,
Бас ауған жаққа дүр етті.
Қармадық босқа түнекті,
Таппадық тұтам тіректі.
Бермеді тағдыр тілекті,
Итшілеп жүріп күн өтті.
Үзіліп қалған армандай,
Еш нәрсеге де таңданбай,
Еш нәрсеге де алданбай,
Дүние жиып, малданбай,
Міністен қалған тарландай,
Жүрістен қалған арландай,
Таспасын тіліп, қамшы өріп,
Отырар еді Ауғанбай.
Адасып көштен қалғандай...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев Ауғанбай өлеңі, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]