Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Аттандырып тым тәтті сәттерімді)
![Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Аттандырып тым тәтті сәттерімді)](https://www.zharar.com/uploads/posts/2015-12/1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg)
Аттандырып тым тәтті сәттерімді,
Мен аяқтап келемін дәптерімді.
Сәттерімді айттым ба, әттеңімді,
Әйтеуір жуып алдым пәк көңілді.
Анда-санда аударып парақтарын,
Күн батқанын білмедім, таң атқанын.
Бетіне ақ дастарқан тамып кетті,
Тулаған бойымдағы шарап-қаным!
Жырым, сырым - екеуі егіздерім,
Екеуін екі бөлек емізбедім.
Жатсам-тұрсам мұң шағып дәптеріме,
Жабырқаған жаныма ем іздедім.
Таптым ба оны, білмеймін, таппадым ба,
Халім келмей қажыған шақтарымда!
Жан-жырым жанға шипа болғаны рас,
Әлсіреп, сөніп бара жатқанымда...
Мен аяқтап келемін дәптерімді.
Сәттерімді айттым ба, әттеңімді,
Әйтеуір жуып алдым пәк көңілді.
Анда-санда аударып парақтарын,
Күн батқанын білмедім, таң атқанын.
Бетіне ақ дастарқан тамып кетті,
Тулаған бойымдағы шарап-қаным!
Жырым, сырым - екеуі егіздерім,
Екеуін екі бөлек емізбедім.
Жатсам-тұрсам мұң шағып дәптеріме,
Жабырқаған жаныма ем іздедім.
Таптым ба оны, білмеймін, таппадым ба,
Халім келмей қажыған шақтарымда!
Жан-жырым жанға шипа болғаны рас,
Әлсіреп, сөніп бара жатқанымда...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: