Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Адасқан шағала)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Адасқан шағала)

Жаным-ау, қайдан жүрсің, ақ шағала,
Келсең кел, бұл өлкені жат-санама.
От-суы мол осынау байтақ алқап,
Сая болған батырға, патшаға да.
Қылша мойын жаным-ау,қылыш қанат.
Қимай мені келдің бе туыс санап?
Ақ ниетпен келдің ғой қалайдағы,
Шашсам ба екен күн нұрын уыстап ап.
Айдыным жоқ төсіңмен шимайлаған,
Аялайды, әлдилеп мидай далам.
Толқынға қонақтаған ерке-тотай,
Толқынсыз қара суға қимай барам.
Кім екен саған еткен зорлық, қысым,
Адасқан Атыраудан зарлықпысың?
Көлшігім, бұлақтарым - бәрі саған.
Адасқан Отанынан зарлық құсым.
Қонбасыңды білемін қыр басыңа,
Толқының жоқ жаныңмен сырласуға.
Бөрі де табылар-ау бүл өмірден,
Тек Отаның жетпес-ті бір басыңа...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев Адасқан шағала өлеңі, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]