Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (He деген керемет күн)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (He деген керемет күн)

He деген керемет күн!
Жаныда бәрі даяр не керектің:
Көрінеді гүлдерің бүр жарғаны,
Естіледі ұшқаны көбелектің.
He деген керемет күн!
Естіледі бал-ара нәр сорғаны,
Бармақтай балапан құс ән салғаны.
Бәрін де кеудесіне қондырып ап,
Дала бір рахатта,
Дел-сал жаны.
Таулардың самал ессе балағынан,
Гүлдер тұр үзілердей сабағынан.
Шартарапта шауып жүр нұр мен шуақ
Шашырап күңнің алтын табағынан.
Сусындап көк аспанның шанатынан,
Шарықтап шыңырауда ана-қыран;
Ару-жер өз дидарын қарап жатыр,
Мөп-мөлдір, тұнық көктің жанарынан.
He деген керемет күн!
Кейпіне елітесің төңіректің.
Қаласа мына жатқан сәби-дүние.
Келеді өміріңді бере кеткің...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев He деген керемет күн өлеңі, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]