Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Құмған алған...)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Құмған алған...)

Құмған алған,
Суға барған,
Сұлуымды сағындым.
Сырғаланған,
Қуған арман.
Құлынымды сағындым.
Түйнектер мен
Жидек терген,
Нуларымды сағындым.
Үйректермен
Иректелген,
Суларымды сағындым.
Тынып тіптен,
Түлік біткен,
Жусағанын сағындым.
Жиі беттен
Сүйіп өткен,
Қыр самалын сағындым.
Безінбейтін,
Сезінбейтін
Аңғал кезді сағындым.
Өзім дейтін,
Сезім дейтін -
Жанған көзді сағындым.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев Құмған алған... өлеңі, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]