Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Керек осы адамға)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Керек осы адамға)

Керек осы адамға?
Бүгін бе, болашақ па?!
Ақылгөй кәрілік пе, бала шақ па?!
Қиын-ау, өзің жатып жерошақта,
Жансыз тән, жанарсыз көз - болашақта.
Әлде өмір сүрмекпісің бүгініңмен?!
Бүгіндік тірлік қуып, жүгірумен,
Өтпекпісің?!
Қолыңды бір-ақ сілтеп,
Ұмытып болашақты түңілумен?!
Күн кешіп жығылумен, сүрінумен?!
О, өмір!
О, неғылған сиқыр едің,
Қалай-қалай соғады құйты желің?!
Діңкелеп, шаршап келіп жантайғанда,
Тәтті бір түс көрсеткен ұйқы ма едің?!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев Керек осы адамға өлеңі, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]