Өлең: Аяулы менің мектебім

Өлең: Аяулы менің мектебім

Ақшәулі орта мектебім
өзіңде оқып көктедім,
он бір жыл оқып өзіңде
білімімді өзім өткердім.

Алғашқы менің ұстазым
Бишән апай бір өзің,
Әліппені үйретіп
тұсауымды сіз кестің.

Ақшәулім менің аяулы
есімде бәрі баяулы,
өзіңдей білім беретін
ешқандай мектеп жоқ әлі.

Он бір жыл бірге оқыған
достарым менің армысың,
мектептен бірге асыр сап
замандастарым бармысың.

Ақметсәлім ағамыз
қойды талай бағасын,
жетекші болып сыныпқа
жетектеді баласын.

Клара апайым өзі ғой
аяқтатып мектепті,
ұямыздан ұшырып
жол көрсетіп беттетті.

Аяулы менің мектебім
өзіңді аңсай жүремін,
достар мен бірге ескалып
сағына сағына жүремін!!!

Ерік Еренғазыұлы
12.09.2018.ж.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Ерік Еренғазыұлы өлеңдері, ерик еренгазыулы олендери казакша, мектеп туралы олендер, мектеп туралы олен, мектеп туралы өлең жолдары

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]