Қазақша өлең: Жүсіпбек Аймауытов (Ұршық)

Қазақша өлең: Жүсіпбек Аймауытов (Ұршық)

Сыртылдама, он саусақ,
Майдалап, мая түтілші.
Шыртылдама, шынашақ,
Шыр айналшы, шүйке ілші.
Оймышты ұшқат, ырғай сап,
Ұршығым, сені қолға алам.
Ұршығым ұшқыр нар тайлақ,
Жез бұйдалы, жел маям.
Жел маям, желші, нар тайлақ.
Тартына берме, тайтаңдап.
Тартына берсең, тайтаңдап,
Тақымдап қоям, қайта айдап.
Қыла ма жалқау жарлылық,
Қылмаса ділгер жүн азы.
Екілен, зырла енді, ұршық,
Иірейін биязы.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Қазақша өлең: Жүсіпбек Аймауытов (Ұршық), Жүсіпбек Аймауытов өлеңдері, стихи жусипбек аймауытов на казахском языке, Қазақша өлең: Жүсіпбек Аймауытов, казакша олен жусипбек аймауытов, стихи жусипбек аймауытов на казахском языке, жусипбек аймауытов стихи на казахском языке скачать, Жүсіпбек Аймауытов өлеңдері скачать, жүсіпбек аймауытов өлеңдері әдеби әлем, жүсіпбек аймауытовтың өлеңдері

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]