Қазақша өлең: Жүсіпбек Аймауытов (Жаз келді)

Қазақша өлең: Жүсіпбек Аймауытов (Жаз келді)

Күн жылынып, қар да еріп дүрілдеп,
Сай-саладан сулар ағып, күрілдеп,
Ой мен қырда басқызбайды сар балшық.
Әлем-тапырық жердің беті іріңдеп.
Аспан жүзі ұшпалы бұлт сәуірдің
Жылы желі бетті сүйген тәуір күн.
Қыс қысылған көтерем мал жалғыздап,
Тұс-тұсынан шығып жатыр ауылдың.
Аунап-қунап ауасына сағынған,
Ызғар, суық ақ кебіннен арылған,
Ойдым-ойдым қара жерге көз ойнап,
Бәрі бірдей басын қойып жабылған.
Шаруалар да қуанышты күлімдеп
Ептеп өтті алты аяғы қыс күнім деп,
Балалар да лек-лек болып доп қуған,
Жалаң аяқ, жалаң бас жүр дірілдеп.
Мал да, адам да не бар жандық мәз болды,
Қатар түзеп, үйрек, аққу, қаз келді.
Жердің жүзін бейне ұжмақка теңейтін
Алақай, алақай-ау, жаз келді.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жусипбек аймауытов олендери қазақша, жаз туралы өлеңдер, Қазақша өлең: Жүсіпбек Аймауытов (Жаз келді), Жүсіпбек Аймауытов өлеңдері, стихи жусипбек аймауытов на казахском языке, Қазақша өлең: Жүсіпбек Аймауытов, казакша олен жусипбек аймауытов, стихи жусипбек аймауытов на казахском языке, жусипбек аймауытов стихи на казахском языке скачать, Жүсіпбек Аймауытов өлеңдері скачать, жүсіпбек аймауытов өлеңдері әдеби әлем, жүсіпбек аймауытовтың өлеңдері

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]