Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Еңбек - өлім жан қанатын қиятын)

Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Еңбек - өлім жан қанатын қиятын)

Еңбек - өлім жан қанатын қиятын,
Еңбек - өлім жанды ашудан тыятын.
Еңбек деген - еңбектеген мылқау дию,
Жаншып, жанның сұлу сынын жоятын.
Ерді, еңбек, от жүректі жерлейді,
Жанға аспанға өрлеуге ерік бермейді.
Еңбек езіп, соқыр қоңызға айналып,
Сорлы адамзат көкте күнді көрмейді.
Еңбек - қарғыс, адамға ашу Алладан,
Адамзатқа - «еңбек қыл» деп қарғаған.
Мәңгі байрам жұмағынан айрылып,
Адам баста «дүние» деп зарлаған.
Өткен заман - малғұн еңбек билеген,
Адамзаттың ой-қиялын илеген.
Сол еңбектен қарын тойып қампиған,
«Тәңірің - мен...»,- деп жерге, көрге сүйреген.
Мәңгі байрам, көктегі жұмақ ұмытылған,
«Забур», «Тәурат», «Інжіл», «Құран» жыртылған.
Идеал үлкен, Айса, Мұса - келемеж,
Жалғыз ғана қарын қалған қампиған...
Құлдық сіңген адамзаттың бойына,
Мәңгі байрам келмейді оның ойына.
«Жаса, еңбек!» деп жазып алған туына,
Даярлаған азаттықтың тойына.
Еңбек осы ой-қиялды байлайтын,
Еңбек осы қартқа қол caп айдайтын.
Сүйреп жүріп лағнаттың қамытын,
Заман қайда мәңгі байрамды ойлайтын?!
Адамзаттың тәні түгіл, жаны құл,
Адамзаттың ой-иманы, ары құл.
Азған адам қолын ұрмақ құлдыққа,
Адамзаттың бәрі - еңбекшіл, бәрі құл.
Келер ме күн еңбек малғұн өлетін,
Ит қарынды қорылдатып көметін,
Қиялдың ақ қанатына қонып ап,
Мәңгі байрам дүниесіне кіретін?
Келсе сол күн, мен Күн болып күлер ем,
Келсе сол күн, жүйрік желдей жүрер ем...
Келсе сол күн, о, дариға, жұртыма
Судай сұлу жырлар жырлап берер ем.

1 «Тәуратты» Мұса пайғамбар, «Забурды» Дәуіт пайғамбар, «Інжілді»
Иса пайғамбар, «Құранды» Мұхаммед пайғамбар жазған (М. Жұмабаев ескертпесі).
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Еңбек - өлім жан қанатын қиятын мағжан жұмабаев, мағжан жұмабаев өлеңдері, еңбек туралы өлең, магжан жумабаев олендери на казахском языке, магжан жумабаев стихи, магжан жумабаев стихи на казахском языке, магжан жумабаев олендери, стихи магжан жумабаев на казахском языке, мағжан жұмабаев Қазақша өлең, казакша олен магжан жумабаев, мағжан жұмабаев казакша олен, мағжан жұмабаев Еңбек - өлім жан қанатын қиятын өлең олен магжан жумабаев стихи на казахском, мағжан жұмабаев өлең олен стих

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]