Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Достық һәм көз жасы)

Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Достық һәм көз жасы)

Достықты мастық туғызад,
Шын-шын достар - екі мас.
Жүректі мастық өртейді,
Төккізіп көзден ыстық, жас.
Достықты ауру туғызад,
Ауру адам - адал дос.
Ауру көз жас төккізед,
Ауырсаң ғана жүрек бос.
Айық адам - аң адам,
Дені сау адам - бейне тас.
Достыққа баға бере алмас,
Төкпес ол көзден ыстық, жас.
Шын дос боп ыстық жас төксін
Десең, досқа арақ бер,
He болмаса, Тәңіріден
Ауру бер деп тілей көр!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мағжан жұмабаев Достық һәм көз жасы өлең олен магжан жумабаев стихи на казахском, мағжан жұмабаев өлең олен стих, стихи магжан жумабаев на казахском языке, казакша олен магжан жумабаев, мағжан жұмабаев өлеңдері, магжан жумабаев олендери на казахском языке, магжан жумабаев стихи на казахском языке, достық туралы өлеңдер жинағы, дос туралы өлең жолдары

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]