Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Асық иіру)

Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Асық иіру)

Сынайын бір сақаны,
Иірейін құрғырға,-
Айттырғанға қалқаны
Толды ма екен он жылға?
Алшы түссең - болғаның,
Тәйке түссең - тәуекел.
Бүге түссең - құрығаның,
Шіге түссең - ұрғаның.
Таңмын өзім, ой, алда-ай,
Өсіп қапты, апыр-ай,
Әй, қыз деген кәпір-ай!
Мен баяғы қалпымда.
Алсам биыл, күрке аулақ,
Жатар ек-ау екеуміз.
Бір аяқ қатық тастап ап,
Қойға кетсем мен күндіз.
Қойды айдасам түс ауа,
Ырғала басып, ыңыранып,
Қатыным шықса қой сауа,
Сусынға қойса қымыран ғып.
Күркеге барсам, жайланып:
«Әй, қатын, бері кел!»- десем,
Бірдеңеге айналып,
Ол кешігіп, келмесе.
Қайта шығып күркеден,
Қатынға барсам тістеніп.
Отырған жерде желкеден
Теуіп-теуіп қалсам кеп.
Ол көзіне жас алып:
«Адыра қал,- десе,- адыра қал
Ал, асықты байқалық,
He дер екен біздің бал?
Алшы түссе, алақай!
«Түс,- дегенде,- түс, құрғыр!»
Қырыққа келген «балақай»,
Тәйке түсті-ау! Тәуекел!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мағжан жұмабаев Асық иіру өлең олен магжан жумабаев стихи на казахском, мағжан жұмабаев өлең олен стих, стихи магжан жумабаев на казахском языке, казакша олен магжан жумабаев, мағжан жұмабаев өлеңдері, магжан жумабаев олендери на казахском языке, магжан жумабаев стихи на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]