Қазақша өлең: Ахмет Байтұрсынов (Қаздар)

Қазақша өлең: Ахмет Байтұрсынов (Қаздар)

Бір ұзын алып қолға мықты шыбық,
Қаздарын қалаға айдап шықты мұжық.
Қуалап байғұстарды келеді ұрып,
Асығып базар күнге жаны шығып.
Тексерген мұжық ісін байқап, ойлап,
Оған да дұрыс емес кінә қоймақ.
Асықты базар күнге, пайда көп деп,
Қаздарды ұрды ма ол босқа ойнап?
Десеңдер олсыз базар тарамайды...
Дер едім мұжық ісі жарамайды.
Пайдасы, базар өтіп, кетер жерде,
Қаз түгіл, адамға да қарамайды.
Біздерше қаздар бірақ сынамады,
Оларға мұжық ісі ұнамды.
Жолыққан жолаушыға бәрі шулап,
Мұжықтың ісін айтып, кінәлады:
«Бар ма екен бізден, сірә, соры қалың!
Қожасып қуалайды мұжық жарым.
Қорлайды ұрып-соғып, ойламайды
Мойнында қандай міндет, қарыз барын.
Ойласа, қайдан біздің асылымыз?
Румды құтқарған қаз нәсіліміз!
Айт істеп атамыздың құрметіне,
Өтпейді һәман онда жыл мейрамсыз!
Таяқ жеп жай қаздарша, жүргеніміз
Наданға душар болып бір білімсіз!»
Қаздарға жолаушы айтты:
«Тоқтаңдаршы,
Ауысқан ақыны айтып, жоқтаңдаршы.
Сендерді қадірлеуге не үшін міндет?
Мұжықты айыпты қылып, боқтаңдаршы!»
«Істеген атамыздың ісі қайда?
Румды құтқарғаны азғантай ма?»
«Қоя тұр, - жолаушы айтты, - көрдегіңді!
Өздерің келтірдіңдер қанша пайда?»
«Айттық қой атамыздың еткен ісін!
Әлде өзің сөзімізге сенбеймісің?»
«Сенемін һәм білемін атаң жайын,
Сендерді қадірлеуге деймін не үшін?
Өткізді өз бастарың қандай еңбек?
Атаңда көрде жатқан жоқ жұмысым».
«Біздің бе?'...жоқ өткізген еңбегіміз!»
«Әсте жөн, сыйламаса, көнбегіңіз.
Мені де, атам жақсы, қадірле деп,
Таласып қиын болар жеңбегіңіз.
Жақсы-ақ боп аталарың өткен шығар,
Ісіне қарай құрмет еткен шығар.
Қалдырмай асылынан арттағыға,
Өзімен жақсылығы кеткен шығар.
Көрдегі көмек болмас бабаларың,
Кем болса өздеріңнің бағаларың.
Көніңдер ұрса, соқса, сойса дағы,
Болған соң қуырдақтық шамаларың».
Кетермін, баяндасам, алысқа бек,
Лайық һәр нәрсеге керек қой еп.
Жайынан жат қаздардың сөйлеген сөз
Көбіне жақын қаздың тиетін доп.
Бетіне көрдегінің көнін ұстап,
Деп жүрген «көріктімін» қазақтар көп.
Қысқартып, сөз аяғын тоқтатамын,
Солардың өкпесіне қалармын деп.
... ойланып, ойланып
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Ахмет Байтұрсынов өлең Қаздар, ахмет байтұрсыновтың өлеңдері, ахмет байтұрсынов өлеңдері, ахмет байтурсынов стихи на казахском языке, стихи ахмет байтурсынов на казахском языке, Ахмет Байтұрсынов Қазақша өлең, казакша олен ахмет байтурсынов, стихи ахмет байтурсынов на казахском языке, ахмет байтурсынов олендери на казахском языке, ахмет байтұрсынов казакша олен

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]