Қазақша өлең: Ахмет Байтұрсынов (Оқуға шақыру)

Қазақша өлең: Ахмет Байтұрсынов (Оқуға шақыру)

Балалар!
Оқуға бар!
Жатпа қарап!
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!
Шақырды тауық мана әлдеқашан,
Қарап тұр терезеден күн жылтырап.
Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да,
Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да:
Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп,
Барады аралар да ұшып балға.
Күн ашық, тоғайлар шат, ың-жың орман,
Оянып жан-мақұлық түнде қонған,
Шығады тоқылдақтың тоқ-тоқ даусы,
Сайрағы сарғалдақтың сыңғырлаған.
Өзенде балықшылар ау қарап жүр,
Тоғайда орақ даусы шаң-шұң орған.
Аллалап, ал кітапты қолдарыңа!
Құлдарын Құдай сүймес жалқау болған.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Ахмет Байтұрсынов өлең Оқуға шақыру, ахмет байтұрсыновтың өлеңдері, ахмет байтұрсынов өлеңдері, ахмет байтурсынов стихи на казахском языке, стихи ахмет байтурсынов на казахском языке, Ахмет Байтұрсынов Қазақша өлең, казакша олен ахмет байтурсынов, стихи ахмет байтурсынов на казахском языке, ахмет байтурсынов олендери на казахском языке, ахмет байтұрсынов казакша олен

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]