Қазақша өлең: Ахмет Байтұрсынов (Көк есектерге)

Қазақша өлең: Ахмет Байтұрсынов (Көк есектерге)

Не жазып ем,
Құдай-ау, мен қазаққа,
Мүбтала ғып салғандай бұл азапқа?!
Адамшылық есебіне кірісіп,
Қолы жетсін дегендік пе азатқа?
Жөн көрсеттім қазақ деген намысқа,
Жол сілтедім жақын емес, алысқа.
«Өзге жұрттар өрге қадам басқанда, -
Дедім, - сен де қатарыңнан қалыспа!»
Бар ма, қазақ, мұнан басқа қылғаным?
Неңді шаштым, неңді бұздым, былғадым?
Аштан өлген аталарың бар ма еді,
Тамақ үшін сатқан иттер иманын.
Көң тасыған көк есектер, бәріңе,
Қалдырмастан жағалай жас-кәріңе,
Үрім-бұтақ нәсіліңе қалғандай
Нық басылар кетпейтін мөр тәніңе.
Бәрінді де іздеп қарап көрермін,
Тапқанымды тастамаспын, терермін.
Миллат үшін еңбектері сіңген деп,
Өсиет қып, кейінгіге берермін.
Асықпаңдар!
Артымызда қазы бар,
Тергеп талай, сүйектерің қазылар.
Пайғамбарды сатып отыр тілла алған,
Яһудамен бірге аттарың жазылар.
Қинамайды абақтыға жапқаны,
Қиын емес дарға асқаны, атқаны.
Маған ауыр осылардың бәрінен
Өз ауылымның иттері үріп, қапқаны.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Ахмет Байтұрсынов өлең Көк есектерге, ахмет байтұрсыновтың өлеңдері, ахмет байтұрсынов өлеңдері, ахмет байтурсынов стихи на казахском языке, стихи ахмет байтурсынов на казахском языке, Ахмет Байтұрсынов Қазақша өлең, казакша олен ахмет байтурсынов, стихи ахмет байтурсынов на казахском языке, ахмет байтурсынов олендери на казахском языке, ахмет байтұрсынов казакша олен

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]