Қазақша өлең: Ахмет Байтұрсынов (Жұртыма)

Қазақша өлең: Ахмет Байтұрсынов (Жұртыма)

Бірлік қып іс етуге шорқақ жұртым,
Табылса оңай олжа, ортақ жұртым.
Сияқты қара қарға шуылдаған
Үрейсіз қоян жүрек қорқақ жұртым.
Білмейсің жөнің менен терісіңді,
Ел болып іс етпейсің келісімді.
Үміт қып бәйге атындай талай қосып,
Байқадық шабыс түгіл, желісіңді.
Жөн айтқан жұртшылыққа адам болса,
Шығасың қолыңа ала керісіңді.
Бытырап бет-бетіңе жөнелгенде,
Көрдік қой жайылатын өрісіңді.
Келгенде өзді-өзіңе мықты-ақсыңдар,
Қайтейін өзге десе көнгішіңді.
Сықылды сынық бұтақ төмендесең,
Кім жұлмас оңайдағы жемісіңді?!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Ахмет Байтұрсынов өлең Жұртыма, ахмет байтұрсыновтың өлеңдері, ахмет байтұрсынов өлеңдері, ахмет байтурсынов стихи на казахском языке, стихи ахмет байтурсынов на казахском языке, Ахмет Байтұрсынов Қазақша өлең, казакша олен ахмет байтурсынов, стихи ахмет байтурсынов на казахском языке, ахмет байтурсынов олендери на казахском языке, ахмет байтұрсынов казакша олен

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]